Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 145/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 маусымда № 7561-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі "Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 197/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28834 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
су ресурстары және ирригация
министрлігі су шаруашылығы
комитетінің су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі


      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Павлодар
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі


      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Павлодар облысы
бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі


      "КЕЛІСІЛДІ"
"Павлодар облысының жер
қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
10 маусымдағы № 145/2
қаулысына қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
11 шілдедегі
№ 197/2 қаулысына
1-қосымша

Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Р/с №

Су объектісінің атауы

Орналасқан жері

Су қорғау аймағының ауданы (гектар)

Су қорғау белдеуінің ауданы (гектар)

Су қорғау аймағының ені (метр)

Су қорғау белдеуінің ені (метр)

Павлодар қаласы

1

Ертіс өзені

Павлодар қаласы-оң жағалау

554

5666

105-4270

35-3210

2

Ертіс өзені

Павлодар қаласы-сол жағалау

58

3032

4293-5785

4223-5715

3

Қара Бидайық көлі

Павлодар қаласы

396,0150

26,6590

500

35

Павлодар қаласының ауылдық аймағы

4

Мойылды көлі

Мойылды ауылы

163,4

16,6

300

35

Екібастұз қаласының ауылдық аймағы

5

Шідерті өзені

Шідерті ауылы

16,9634

1,1789

500

35

6

Темірастау өзені

Төрт-Құдық ауылдық аймағы

554,3658

44,8152

254-500

35

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

7

Ертіс өзені

Ақсу қаласының ауылдық аймағы

1242

59517

105-14290

35-13240

Ақтоғай ауданы

8

Ертіс өзені

Ақтоғай ауданы

8400

43997

115-11335

35-8200

Железин ауданы

9

Ертіс өзені

Железин ауданы

5700

8253

216-8232

36-7081

Ертіс ауданы

10

Ертіс өзені

Ертіс ауданы

11100

41842

59-8960

35-6265

Май ауданы

11

Ертіс өзені

Май ауданы

13500

73848

950-11926

880-10676

12

Кемертұз көлі

Май ауданы

103

21,8

500

100

13

Ащысу өзені

Май ауданы

162,7

16,3

500

55

Аққулы ауданы

14

Ертіс өзені

Аққулы ауданы

1000

44498

67-12332

35-11326

15

Тұз көлі

Аққулы ауданы

1259

195

500-1300

100

Тереңкөл ауданы

16

Ертіс өзені

Тереңкөл ауданы

9600

29323

45-11595

38-9210

Павлодар ауданы

17

Ертіс өзені

Павлодар ауданы

9046

55549

51-14002

35-10699

18

Маралды көлі

Павлодар ауданы

852,1

71,1

500

35

Баянауыл ауданы

19

Біржанкөл көлі

Құндыкөл ауылдық округі

81,5

7,5

500

35

20

Сабындыкөл көлі

Баянауыл ауылдық округі

495,6

37,7

500

35

21

Ақсор көлі

Баянауыл ауданы

212,4

23,88

300

35

Шарбақты ауданы

22

Маралды көлі

Шарбақты ауданы

1006,4

80,3

500

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады