Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;
3) Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Павлодар қаласы мәслихаты кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7176 болып тіркелген) шешім;
2) Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 "Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25762 болып тіркелген) шешім.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
Павлодар қалалық маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 133/15 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
р/р № | Арнайы орын | Шекті толу нормасы |
1. | Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1 | 1000 адамнан артық емес |
2. | Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен "Конституция" тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 "Естай атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін | 1000 адамнан артық емес |
3. | Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы | 1000 адамнан артық емес |
4. | Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін | 1000 адамнан артық емес |
5. | Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139 | 300 адамнан артық емес |
6. | Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша "Сүт" акционерлік қоғамының объектісіне дейін | 300 адамнан артық емес |
7. | Алаң, Павлодар қаласы, "Гагарин" атындағы саябақ, Ворушин көшесі | 300 адамнан артық емес |
8. | Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан "Гагарин" атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін | 300 адамнан артық емес |
Павлодар қалалық маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 133/15 шешіміне 2-қосымша |
Павлодар қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
2. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
4. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
5. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
6. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
7. Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
8. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Павлодар қалалық маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 133/15 шешіміне 3-қосымша |
Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілерінде жол берілмейді.