Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының "Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 344/74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7174 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің 2 - қосымшасында "400" саны "800" санына ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ташенев |