Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 344/74 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 7174 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 – қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. Алханов
      Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Ташенев

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 344/74 шешіміне
1- қосымша

Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың
шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық
және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ақтоғай ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      Ақтоғай ауылының М. Горького көшесі, 86 бойынша орналасқан Мәдениет үйінің алды.

      Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 26.04.2021 № 31/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:

      Ақтоғай ауылының Абай көшесі (Дубовой тұйық көшесінен Храмов тұйық көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - жүз адам.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) көше жарықтандыруының болуы;

      2) бейнебақылау камераларының болуы;

      3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 344/74 шешіміне
2 - қосымша

Ақтоғай ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 07.02.2024 № 107/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады