Тереңкөл аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габидулин |
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 ақпандағы № 1/14 шешіміне қосымша |
|
Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 шешіміне 3-қосымша |
Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Тереңкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.