Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 ақпандағы № 1/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 ақпанда № 7468-14 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1/68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7168 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
2 ақпандағы № 1/14
шешіміне қосымша
  Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
8 қаңтардағы № 1/68
шешіміне 3-қосымша

Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Тереңкөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық темір жол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады