Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А.А. Машраповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | Р. Муканов |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 1-03-241 қаулысына қосымша |
Аққулы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 1-03/198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6972 болып тіркелген).
2. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1-03/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 болып тіркелген).
3. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 1-03/198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 1-03/71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7316 болып тіркелген).