Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 1-03-241 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 қарашада № 7614-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2 - тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аққулы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А.А. Машраповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі Р. Муканов

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 13 қарашадағы
№ 1-03-241 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 1-03/198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6972 болып тіркелген).

      2. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 1-03/198 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1-03/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7302 болып тіркелген).

      3. Аққулы ауданы әкімдігінің "Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі "Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 1-03/198 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 1-03/71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7316 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады