Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 1-03/198 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қазанда № 6972 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 05.01.2023 № 1-03/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 05.01.2023 № 1-03/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Р. С. Тастамбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 1-03/198 қаулысына
қосымша

Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 04.04.2023 № 1-03/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.

Р/с

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері)

1

2

3

4

5

6

1

Аққулы ауылдық округі, Аққулы ауылы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының Аққулы ауданы пошта байланысының аудандық торабының ғимаратына қарама-қарсы, Амангелді көшесі, 69

60

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Centre"
базары

2

Аққулы ауылдық округі, Аққулы ауылы, "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы, Всеволод Иванов көшесі, 92А

100

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

3

Баймолдин ауылдық округі, Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылы, тұрғын үйге қарама-қарсы, Баймолдин көшесі, 6

50

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

4

Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, "Кауметов" дара кәсіпкерге қарама-қарсы, Тәуелсіздік көшесі, 5

100

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"У Ильдара"
дүкені

5

Қызылағаш ауылдық округі, Бесқарағай ауылы, "Бескарагай-Алькей" дүкеніне қарама-қарсы, Айып Құсайынов көшесі, 21

105

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Бескарагай-Алькей" дүкені

6

Қарақала ауылдық округі, Қарақала ауылы, "Рахат-Али" дүкеніне қарама-қарсы, Шайхислям Оспанов көшесі, 6

80

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Рахат-Али"
дүкені

7

Майқарағай ауылдық округі, Майқарағай ауылы, "Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, Жабаев көшесі, 5

20

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

8

Малыбай ауылдық округі, Малыбай ауылы, "Малыбай" дүкеніне қарама-қарсы, Мұхтар Әуезов көшесі, 15

60

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Малыбай"
дүкені

9

Шақа ауылдық округі, Шақа ауылы, "Сұлтан" дүкеніне қарама-қарсы, Центральная көшесі, 8

50

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Сұлтан"
дүкені

10

Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты ауылы, "Камбаров" дара кәсіпкерге қарама-қарсы, Абуғали Салменов көшесі, 1

30

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

жоқ

11

Ямышев ауылдық округі, Ямышево ауылы, "Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында, Советов көшесі, 2

70

5

ауыл шаруашылық, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерін іске асыру

"Универмаг"
дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады