"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 108 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген).
2. "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 "2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 962 болып тіркелген).
3. "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1090 болып тіркелген).
4. "V-сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 315 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1154 болып тіркелген).
5. "IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 418 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1272 болып тіркелген).
6. "Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1405 болып тіркелген).
7. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 185 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1442 болып тіркелген).
8. "ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 288 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1518 болып тіркелген).