V-сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 315 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 1154 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.04.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Казақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 19-бабының 6-1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2001.жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Казақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. V-сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1090 тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2014 жылғы 18 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V сайланған


Алматы қаласы мәслихаты


ХХХVІІ сессиясының төрағасы

Ф. Константинов

V сайланған Алматы қаласы


мәслихатының хатшысы

Қ. Қазанбаев


  V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХХVIІ сессиясының
2015 жылғы 17 наурыздағы № 315
шешіміне қосымша

Алматы қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың пайда болу және жинақталу
нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік

бірлік

Жинақталудың есептік нормалары*

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,90

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,19

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,54

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,01

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,55

6

Емханалар

1 адам

0,03

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,10

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,35

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 тағам

2,50

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,49

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,06

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

1,61

15

Машиналардан сату

сауда орны 1 м2

1,61

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

1,14

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,78

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,10

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,26

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

0,96

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,58

22

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,43

23

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

1,15

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

10,90

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

3,10

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,15

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,88

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,62

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,43

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,44

31

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,89

32

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,85

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

2,30


      * Жинақталудың есептік нормалары – жылына/м3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады