"Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 46 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 153 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 маусымда № 7763-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3165 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Г. Нурмухамбетов

О признании утратившим силу постановление акимата Северо-Казахстанской области от 12 февраля 2015 года № 46 "Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования"

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 7 июня 2024 года № 153. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области 14 июня 2024 года № 7763-15

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Северо-Казахстанской области "Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования" от 12 февраля 2015 года № 46 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3165).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление образования акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области Г. Нурмухамбетов