Білім беру ұйымдарының ішкітәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 46 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда N 3165 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 153 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 07.06.2024 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 46 қаулысымен бекітілді

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымдарының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының педагог және өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
      4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы және білім беру ұйымының ішкі тәртіптеме қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:
      білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы;
      білім беру ұйымы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымының қызметкерлері мен білім алушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі;
      білім беру ұйымының қызметкерлері және білім алушылардың техникалық қауіпсіздікті сақтау тәртібі;
      білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіз жағдайда болуын ұйымдастыру тәртібі;
      төтенше және қауырт жағдайларда ден қою қағидасы;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер қарастырылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдердің Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және онымен танысуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады