"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жумабаев ауданының әкімі |
Р. Смагулов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жумабаев | |
ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы 4 қазандағы | |
№ 202 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығынын өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3249 болып тіркелді);
2. "Мағжан Жұмабаев ауданының №1 сайлау округі бойынша басылған үгіт материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-71 болып тіркелді);
3. "Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша насихаттық баспа материалдарын орналастыратын орындар белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 219 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-47 болып тіркелді);
4. "Шектеу шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 228 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-33 болып тіркелді);
5. "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының Жалпыға бірдей білім беру бөлігі Мағжан Жұмабаев ауданының мектептерінде орындалуы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-28 болып тіркелді);
6. "Ақылы қоғамдық жұмыстар туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-27 болып тіркелді);
7. "Аудандық жер комиссиясын құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 85 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1305 болып тіркелді).