Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі |
М. Абдулов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Уәлиханов ауданының әкімі | |
2024 жылғы 22 қазандағы | |
№ 207 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. "Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округінің Қайрат ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-163 болып тіркелді).
2. "Уәлиханов ауданының Қайрат ауылдық округінің Жасқайрат ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-162 болып тіркелді).
3. "Уәлиханов ауданында жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-140 болып тіркелді).
4. "Азаматтардың жеке санаттарына көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-66 болып тіркелді).
5."Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттылығына және облыстық пен аудандық мәслихат депуттатылығына кандидаттарды ұсынған саяси партиялар үшін сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыруға орын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-13-53 болып тіркелді).