Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 22.10.2024 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 93 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәлиханов ауданының Жасқайрат ауылдық округіндегі Қайрат ауылында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығына, "Уәлиханов ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Тұралинов |
Келісілді: | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық | |
бақылау және қадағалау комитетінің | |
Уәлиханов аудандық аумақтық | |
инспекциясы" ММ бастығы | Б.С. Тастубаев |
"Уәлиханов ауданы бойынша | |
мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау | |
басқармасы" ММ бастығының | |
міндетін атқарушы | Ш.А. Нигметова |