Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
аудан әкімнің м.а. | С. Шаинов |
2024 жылғы 6 қарашадағы | |
№ 270 қаулыға | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 134 "Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық мәслихаттың, Парламент Мәжілісінің депутатына ұсынылған кандидаттарға сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-48 болып тіркелген).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 181 "Шал ақын ауданының Городецк, Ступин және Юбилейный селолық округтерінің зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп карантиндік аумақ орнату туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-35 болып тіркелген).
3. Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 298 "Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-16 болып тіркелген).