Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 270 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қарашада № 7822-15 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      аудан әкімнің м.а. С. Шаинов

  2024 жылғы 6 қарашадағы
  № 270 қаулыға
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 134 "Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық мәслихаттың, Парламент Мәжілісінің депутатына ұсынылған кандидаттарға сайлау алды үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-48 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 181 "Шал ақын ауданының Городецк, Ступин және Юбилейный селолық округтерінің зақымдаған алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіп карантиндік аумақ орнату туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-35 болып тіркелген).

      3. Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 298 "Шал ақын ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және қаржыландыру ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-16 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады