"Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" Атырау облыстық мәслихатының № 368-VI шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 232 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 273 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 142-VIІІ шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 желтоқсанда № 5240-06 болып тіркелді

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 368-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 232 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн:

      облыстың елді мекендерінде - 0,30 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін) (Атырау және Құлсары қалалары, сондай-ақ Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерді қоспағанда);

      Атырау және Құлсары қалаларында - 0,12 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);

      Атырау қаласының ауылдық округтерінде - 0,15 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);".

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты Аграрлық мәселелер, жер пайдалану және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы А.Ерекешовқа және Атырау облысы әкімінің орынбасары М.Мурзиевке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов
      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

О внесении изменения в совместное решение Атырауского областного маслихата от 18 октября 2019 года № 368-VI и постановление акимата Атырауской области от 18 октября 2019 года № 232 "Об установлении предельных (максимальных) размеров земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан в Атырауской области"

Совместные постановление акимата Атырауской области от 13 декабря 2024 года № 273 и решение Атырауского областного маслихата от 13 декабря 2024 года № 142-VIІІ. Зарегистрированы в Департаменте юстиции Атырауской области 19 декабря 2024 года № 5240-06

      Акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Атырауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в совместное решение Атырауского областного маслихата от 18 октября 2019 года № 368-VI и постановление акимата Атырауской области от 18 октября 2019 года № 232 "Об установлении предельных (максимальных) размеров земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан в Атырауской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4516) следующее изменение:

      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "2) для индивидуального жилищного строительства:

      0,30 гектара (в том числе 0,10 гектара бесплатно) в населенных пунктах области (кроме городов Атырау и Кульсары, а также сельских округов относящихся к городу Атырау);

      0,12 гектара (в том числе 0,10 гектара бесплатно) в городах Атырау и Кульсары;

      0,15 гектара (в том числе 0,10 гектара бесплатно) в сельских округах города Атырау;".

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного решения и постановления возложить на председателя постоянной комиссии по аграрным вопросам, землепользованию и по вопросам развития предпринимательства Атырауского областного маслихата Ерекешова А. и заместителя акима Атырауской области Мурзиева М.

      3. Настоящее совместное решение и постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Атырауской области С. Шапкенов
      Председатель маслихата М. Хайруллиев