Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 368-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 232 бірлескен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн:
облыстың елді мекендерінде - 0,30 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін) (Атырау және Құлсары қалалары, сондай-ақ Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерді қоспағанда);
Атырау және Құлсары қалаларында - 0,12 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);
Атырау қаласының ауылдық округтерінде - 0,15 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);".
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаты Аграрлық мәселелер, жер пайдалану және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы А.Ерекешовқа және Атырау облысы әкімінің орынбасары М.Мурзиевке жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |