Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 368-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 232 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 4516 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 2 және 3-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң келесі шектi (ең жоғары) мөлшерi белгіленсін:

      1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,40 гектар (оның ішінде 0,25 гектар тегін) және суармалы жерде 0,25 гектар (оның ішінде 0,15 гектар тегін);

      2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн:

      облыстың елді мекендерінде - 0,30 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін) (Атырау және Құлсары қалалары, сондай-ақ Атырау қаласына қарасты ауылдық округтерді қоспағанда);

      Атырау және Құлсары қалаларында - 0,12 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);

      Атырау қаласының ауылдық округтерінде - 0,15 гектар (оның ішінде 0,10 гектар тегін);

      3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,30 гектар (оның ішінде 0,12 гектар тегін).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – Атырау облысы әкімдігінің 13.12.2024 № 273 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 13.12.2024 № 142-VIІІ шешімі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы А. Сисенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады