"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Қызылқоға ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № LV-2 "Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Бейсқали |
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 18-7 шешіміне 1-қосымша |
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесінде орналасқан "Жастар" паркі.
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Миялы ауылы, "Жастар" паркі, А.Құнанбаев көшесі мен А.Құттыбаева көшесінің қиылысына дейін.
2. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
3. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
4. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
5. Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесінде орналасқан "Жастар" паркі, шекті толу нормасы 250 адам;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Миялы ауылы, "Жастар" паркі, А.Құнанбаев көшесі мен А.Құттыбаева көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 250 адам.
6. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
7. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
8. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
9. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
10. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Қызылқоға ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 18-7 шешіміне 2-қосымша |
Қызылқоға ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Қызылқоға ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.