Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Құрманғазы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 332 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3594 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жангалиев |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының басшысы, басшының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диеталық мейіргер, психолог, дефектолог, логопед, тәрбиеші, барлық мамандықтағы мұғалімдер, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
Мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);
бөлім басшысы, кітапхана және әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);
мамандар: көркемдік жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, дыбыс режиссері, қоюшы-режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, хореограф, хормейстер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).