Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 332 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3594 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 05.03.2024 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139 бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 маусымдағы № 32-VI "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Б. Шаяхметов
      "Келісілді"
Аудандық мәслихаттың
IV сессиясының төрағасы
___________________ 2016 жыл
Ө. Тәжібаев
      "Келісілді"
Аудандық мәслихат хатшысы
___________________ 2016 жыл
Б. Жүгінісов

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "29" шілдедегі № 332 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымыдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің;

      лагердің, интернаттың, кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог, хореограф (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, барлық мамандықты дәрігерлер.

3. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      мамандар: көркемдік жетекші, аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстер, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, қоюшы-режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, хореограф, вокал, хормейстер, продюсер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).

4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);

      мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады