"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 "Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 болып тіркелген);
2) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 100 "Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 "Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26444 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | К. Елеусизов |