Кентау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 116 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 13 маусымда № 6537-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 "Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 болып тіркелген);

      2) Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 100 "Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 22 "Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26444 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы К. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады