"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылы Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ауғанстан соғысының ардагеріне, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |