2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/62-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 ақпанда № 6455-13 болып тіркелді

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылы Түркістан қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ауғанстан соғысының ардагеріне, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады