"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 "Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5341 тіркелген);
2) Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №1863 "Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 "Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5926 тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Турашбеков |