Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 188 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 5 сәуірде № 6511-13 болып тiркелдi

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 "Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5341 тіркелген);

      2) Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №1863 "Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 "Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5926 тіркелген).

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Турашбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады