Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1894 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 5341 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 04.04.2024 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына, 20 бабының 1 тармағының 4) және 6) тармақшаларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 70 (жетпіс) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Жеті жасқа дейінгі балаларды, егер ол бөлек орынға ие болмаса тегін тасымалдау және 7 мен 15 жас аралығындағы балалар үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құнының елу процентін төлеу құқығы берілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 02.12.2020 № 1863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 1778 "Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 тіркелген, 2017 жылғы 01 қаңтардағы "Түркістан" газетінде және 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Баирхановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Аюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады