Қазығұрт ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI "Қазығұрт ауданыда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы | Т. Калымбетов |
2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/138-VIII шешіміне қосымша |
|
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI шешіміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.