"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам аудандық мәслихатының "Cайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2023 жылғы 16 мамырдағы №2-18/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6277-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ш. Халмурадов |