Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 2-18/VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 17 мамырда № 6277-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-118/VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 05.04.2024 № 15-118/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24382 болып тіркелген) бұйрығына, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 40-257/VI "Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5050 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын..

      2. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Сайрам ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ш. Халмурадов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 2-18/VIII шешіміне 1-қосымша

Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м³

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,826

Жайлы емес үйлер


0,835

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,203

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,261

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,130

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,297

6

Емханалар

1 келіп кету

0,029

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,111

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1оқушы

0,135

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,261

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары

1 отыратын орын

0,036

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м²

0,022

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,074

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1м²

0,08

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1м²

0,172

15

Машиналардан сату

Сауда орны1м²

0,149

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м²

0,092

17

көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

Жалпы алаңы 1м²

0,019

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы
1м²

0,031

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы
1м²

0,07

20

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м²

0,138

21

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

3,792

22

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,463

23

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,622

24

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м²

0,11

25

Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1м²

0,036

26

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,029

27

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы
1м²

0,132

28

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,013

 
  Сайрам аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 2-18/VIII шешіміне 2-қосымша

Сайрам ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

р/с

Атауы

Есептік бірлік

Баға,
теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

244,21

1.2

Жабдықталмаған үйлер

1 тұрғын

246,87

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері

1 текше метр (ҚҚС қоспағанда)

1 110,63

3

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тарифтерi

1 текше метр (ҚҚС қоспағанда)

302,02


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады