Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 51 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6436-13 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
№ 722 және №723 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 722 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, 1 ықшамауданы №52, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Таукент кенті 1 мөлтек ауданы, Е.Ерімбетов, Геологтар, Қ.Сәтбаев, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Мәңгілік ел, Болашақ, Қаратау, Тұран, Келіншектау, Көкбұлақ, Астана, Бәйтерек көшелері.";
"№ 723 сайлау учаскесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі №136, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Сүгір Әліұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: І.Кеңесбаев, Мыңжылқы, Көкжиек, Жыныс ата көшелері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Созақ аудандық
сайлау комиссиясы