Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 40 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 19 шілдеде № 6557-13 болып тiркелдi

      Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 51 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6436-13 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      № 722 және №723 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 722 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, 1 ықшамауданы №52, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Таукент кенті 1 мөлтек ауданы, Е.Ерімбетов, Геологтар, Қ.Сәтбаев, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Мәңгілік ел, Болашақ, Қаратау, Тұран, Келіншектау, Көкбұлақ, Астана, Бәйтерек көшелері.";

      "№ 723 сайлау учаскесі.

      Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі №136, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің "Сүгір Әліұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: І.Кеңесбаев, Мыңжылқы, Көкжиек, Жыныс ата көшелері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Созақ аудандық

      сайлау комиссиясы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады