Шардара аудандық маслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-45VIII шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 20-93-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 6 наурызда № 6477-13 болып тiркелдi

      Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық маслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" №8-45VIII шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6347-13 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7 тармақ 2) тармақшасы "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген абзацпен толықтырылсын;

      8 тармақ 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      4) адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі АИТВ) медицина қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырған балаларға (ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне) және кәмелетке толған адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен күнкөріс денгейінің 2 еселенген мөлшерінде тағайындалады;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Б. Муталиев

О внесении изменений в решение Шардаринского районного маслихата от 20 сентября 2023 года № 8-45VIII " Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 28 февраля 2024 года № 20-93-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 6 марта 2024 года № 6477-13

      Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шардаринского районного маслихата " Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 20 сентября 2023 года № 8-45VIII (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6347-13) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шардаринского района утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 7 дополнить абзацем "к 35-летию вывода Ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан в размере 50 месячных расчетных показателей единовременно";

      подпункт 4) пункт 8 изложить в новой редакции:

      4) социальная помощь детям (родителям или иным законным представителям)и совершеннолетним лицам, инфицированным вирусом иммунодефицита человека (далее ВИЧ) по вине медицинских работников, назначается ежемесячно в 2 - кратном размере прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о Республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, без учета средне душевого дохода;

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Б. Муталиев