Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шардара аудандық маслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" №8-45VIII шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6347-13 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7 тармақ 2) тармақшасы "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген абзацпен толықтырылсын;
8 тармақ 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
4) адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі АИТВ) медицина қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырған балаларға (ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне) және кәмелетке толған адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен күнкөріс денгейінің 2 еселенген мөлшерінде тағайындалады;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |