Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаушықұм ауылдық округінің Жаушықұм елді мекенінің шекарасына (шегіне) Қалғансыр елді мекенінің 6,9 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Жаушықұм ауылдық округінің Жаушықұм елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 238,64 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысының және Шардара аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі | А. Карсыбаев |
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |