Жаушықұм ауылдық округінің Жаушықұм елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 244 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 26-137-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 2 қазанда № 6605-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаушықұм ауылдық округінің Жаушықұм елді мекенінің шекарасына (шегіне) Қалғансыр елді мекенінің 6,9 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Жаушықұм ауылдық округінің Жаушықұм елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 238,64 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысының және Шардара аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Шардара ауданы әкімдігінің қаулысы және Шардара аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шардара ауданының әкімі А. Карсыбаев
      Аудандық мәслихат төрағасы Б. Муталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады