Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес аудандық мәслихатының "Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №5-59-VIІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6357-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келес аудандық мәслихат төрағасы | Н. Шаулиев |