Келес аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 5-59-VIІI "Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 шілдедегі № 16-125-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 тамызда № 6568-13 болып тіркелді

      Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес аудандық мәслихатының "Келес ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №5-59-VIІI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6357-13 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес аудандық мәслихат төрағасы Н. Шаулиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады