Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы мәслихатының шешімдерінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Калиева |
2024 жылғы 27 наурыздағы № 118 қосымша |
Ұлан ауданы мәслихатының күші жойылды деп тану туралы шешімдерін тізімі
1. Ұлан ауданы мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-181 болып тіркелген) шешімі;
2. Ұлан ауданы мәслихатының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 212 "Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-188 болып тіркелген) шешімі;
3. Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 91 "Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.