Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.03.2024 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-181 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы";
аталған шешімнің қосымшасының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. Захарьянов |
Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы |
О. Сыдыков |