Ұлан ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 118 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 8990-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы мәслихатының шешімдерінің күші жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

  2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 118 қосымша

Ұлан ауданы мәслихатының күші жойылды деп тану туралы шешімдерін тізімі

      1. Ұлан ауданы мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-181 болып тіркелген) шешімі;

      2. Ұлан ауданы мәслихатының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 212 "Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-188 болып тіркелген) шешімі;

      3. Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 91 "Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 "Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады