Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 159 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 тамызда № 9068-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 404 "Ұлан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7790 тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

  2024 жылғы 23 тамыздағы № 159
1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

    № р/р

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1

Қасым Қайсенов кенті Мәдениет үйінің жанындағы алаң (Зәки Ахметов көшесі 26/1).

200 адамнан артық емес.

2

Қасым Қайсенов кенті "Ұлан" стадионы (Зәки Ахметов көшесі 26)

3

Қасым Қайсенов кенті Ұлан аудандық сотының алдындағы алаң (Нұржау көшесі 1)

4

Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Қасым Қайсенов кентінің Заки Ахметов көшесі № 9/1 бойымен, Заки Ахметов көшесіндегі № 26/1 Мәдениет үйіне дейін.

  2024 жылғы 23 тамыздағы № 159
2 қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6 –баптарының талаптарын сақтауы тиіс.

      Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқылы;

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  2024 жылғы 23 тамыздағы № 159
3 қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

  2024 жылғы 23 тамыздағы № 159
4 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и норм их предельной заполняемости, требований к их материально- техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территории, в которых запрещено проведение пикетирования по Уланскому району

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23 августа 2024 года № 159. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 28 августа 2024 года № 9068-16

      В соответствии подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Уланский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Уланского районного маслихата от 21 октября 2020 года № 404 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Уланскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7790):

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Г. Калиева

  Приложение 1
от 23 августа 2024 года
№ 159

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

   № п/п

Специализированное место

Норма предельной заполняемости

1

Площадь у Дома культуры поселка Касыма Кайсенова (улице Заки Ахметова № 26/1).

Не более 200 человек.

2

Стадион "Улан" поселка Касыма Кайсенова (улица Заки Ахметова 26)

3

Площадь перед Уланским районным судом поселка Касыма Кайсенова (улица Нуржау 1)

4

Маршрут шествий и демонстраций: поселок Касыма Кайсенова от улицы Заки Ахметова № 9/1 до Дома культуры по улице Заки Ахметова № 26/1.

  Приложение 2
от 23 августа 2024 года
№ 159

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест

      В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также производить видео и фотосъемку при проведении мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3
от 23 августа 2024 года
№ 159

Порядок использования специализированных мест

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

  Приложение 4
от 23 августа 2024 года
№ 159

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Запрещается проведение пикетирования на растоянии менее 800 метров от прилегающих территории:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.