Шемонаиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/5-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 8956-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Шемонаиха аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/5-VI "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7538 болып тіркелген);

      2) 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5/3-VII "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/5-VІ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8784 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы М. Желдыбаев

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/5-VIII шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

    № р/р

Арнайы орын

Шекті толу нормасы

1

Шемонаиха қаласы әкімі аппараты ғимаратының жанындағы алаң (Шемонаиха қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 41а).

50 адамнан артық емес

2

Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Шемонаиха қаласы, Вокзальная көшесі мен Анатолий Иванов атындағы көше қиылысынан бастап Анатолий Иванов атындағы көше бойымен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына дейін жоғары қозғалу, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Астафьев көшесінің қиылысына дейін (Бауыржан Момышұлы көшесі, 41а) қозғалу.

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/5-VIII шешіміне 2 қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6 –баптарының талаптарын сақтауы тиіс.

      Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқылы;

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/5-VIII шешіміне 3 қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/5-VIII шешіміне 4 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтықта пикеттеуді өткізуге тиым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и норм их предельной заполняемости, требований к их материально- техническому и организационному обеспечению, порядка их использования, границ прилегающих территории, в которых запрещено проведение пикетирования по Шемонаихинскому району

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2024 года № 13/5-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 февраля 2024 года № 8956-16

      В соответствии подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить:

      специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости, согласно приложению 1 к настоящему решению;

      требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, согласно приложению 2 к настоящему решению;

      порядок использования специализированных мест, согласно приложению 3 к настоящему решению;

      границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, согласно приложению 4 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Шемонаихинского районного маслихата:

      1) от 3 сентября 2020 года № 56/5-VІ "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7538);

      2) от 27 апреля 2021 года № 5/3-VІІ "О внесении изменений и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 3 сентября 2020 года № 56/5-VІ "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8784).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шемонаихинского районного маслихата М. Желдыбаев

  Приложение 1 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 9 февраля 2024 года
№ 13/5-VIII

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

    № п/п

Специализированное место

Норма предельной заполняемости

1

Площадь возле здания аппарата акима города Шемонаиха (город Шемонаиха, улица Бауыржана Момышұлы, 41а).

Не более 50 человек

2

Маршрут шествий и демонстраций: город Шемонаиха от пересечения улицы Вокзальная с улицей имени Анатолия Иванова, движение вверх по улице имени Анатолия Иванова до перекрестка с улицей Бауыржана Момышұлы, движение по улице Бауыржана Момышұлы до перекрестка с улицей Астафьева (улица Бауыржана Момышұлы,41а).

  Приложение 2 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 9 февраля 2024 года
№ 13/5-VIII

Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест

      В день проведения мирного собрания организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статей 5 и 6 Закона Республики Казахстан "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      Организатор или представители организатора имеют право использовать средства аудиовизуальной техники, а также производить видео и фотосъемку при проведении мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором или представителями организатора и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

  Приложение 3 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 9 февраля 2024 года
№ 13/5-VIII

Порядок использования специализированных мест

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах, определенных данным решением, для организации и проведения мирных собраний, за исключением пикетирования.

      В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      Мирные собрания начинаются не ранее 9.00 часов и заканчиваются не позднее 20.00 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать 2-х часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

  Приложение 4 к решению
Шемонаихинского
районного маслихата
от 9 февраля 2024 года
№ 13/5-VIII

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Запрещается проведение пикетирования на растоянии не менее 800 метров от прилегающих территории:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.