Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қыркүйекте № 7538 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/5-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 09.02.2024 № 13/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Яровикова
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

  Шемонаиха аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
3 қыркүйектегі № 56/5-VI
шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде, қарусыз жиналу арқылы жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Ескерту. 1 тармақ қазақ тіліндғ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 5/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Шемонаиха қаласы әкімі аппараты ғимаратының жанындағы алаң белгіленсін (Шемонаиха қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 41а).

      3. Арнайы орындарды шекті толтыру нормасы елу адамнан аспауы тиіс.

      4. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Шемонаиха қаласы, Вокзальная көшесі мен Анатолий Иванов атындағы көше қиылысынан бастап Анатолий Иванов атындағы көше бойымен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына дейін жоғары қозғалу, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Астафьев көшесінің қиылысына дейін (Бауыржан Момышұлы көшесі, 41а) қозғалу.

      5. Шемонаиха ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, іс- шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн бұрын арнайы өткізу орнына мынадай мәселелермен барады:

      1) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 5/3-VII шешімімен;

      2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;

      3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалану;

      4) ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;

      5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      Ескерту. 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 5/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5-1. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Ескерту. Қосымша 5-1 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 5/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Заңның 5 және 6 баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      7. Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен жүзеге асырады.

      8. Заңның 9 бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады