Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қарашада № 9111-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 08.04.2025 № 20-4/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова

Об установлении повышенных должностных окладов и тарифных ставок

Решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 25 ноября 2024 года № 16-2/VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 29 ноября 2024 года № 9111-16

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат района Самар РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Самар, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях финансируемых из местных бюджетов, за счет бюджетных средств повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, если иное не установлено законами Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата района Самар Восточно - Казахстанской области от 08.04.2025 № 20-4/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Самар Г. Шаймарданова