"Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20-4/VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 11 сәуірде № 9175-16 болып тіркелді

      Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" Самар ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 16-2/VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9111-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Самар ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, бюджет қаражаты есебінен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады